Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері автогаз құю станциялары мен көпқабатты тұрғын үйлердің жерасты автотұрақтарында профилактикалық рейдтер жүргізді. Шараның басты мақсаты – сұйытылған мұнай газын пайдалануға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Рейд барысында АГҚС қызметкерлеріне автокөлікке арналмаған тұрмыстық газ баллондарын құюға қатаң тыйым салынатыны, сондай-ақ отын құю кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігі ескертілді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

