22.10.2026, 17:50
Оқылды: 11

БҚО-да Мәдениет үйі пайдалануға берілді

Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында Қабыршақты ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге аймақ басшысының орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысты.

6399d2c8-ac22-402e-bac3-786a2d10a263

1961 жылы салынған бұрынғы мәдениет үйінің тозығы жетіп, апатты деп танылған. Су жаңа нысанның бой көтеруі ауылдық округтің мәдени өміріне тың серпін бермек. 376 млн теңгенің жобасын «АлТим» ЖШС жүзеге асырды. Жаңа ғимараттағы көрермен залы 100 орынға лайықталған.

d4b3dea6-7403-41d5-bd7e-0da94def4e41

Аймақ басшысының орынбасары ақжайықтықтарға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.

- Ауылдың ажары көрікті келбетімен ғана емес, рухани байлығымен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа нысанның ел игілігіне берілуі Қабыршақты ауылының әлеуметтік-мәдени өміріндегі айтулы өзгеріс екені сөзсіз. Баршаңызды аймақ басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық пен шаттық тілеймін. Мәдениет үйі бірлік пен береке, өнер мен өнегенің ордасына айналғай!, - деді Қайыржан Меңдіғалиев.

d6adcedb-6acd-49a9-8535-12df52171cbf

Ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, облыс басшылығы мен игілікті істің басы-қасында жүрген азаматтарға ризашылығын жеткізді. Жиналғандар мәдениет үйін аралап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Өнер ұжымына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан 10 домбыра тарту етілді. Жаңа нысанның ауласына қарағай көшеттері отырғызылды.

da4c40e6-5943-4eee-a246-01e60c3c492d

e7e3b240-ba36-4f07-aa00-c0e2b910e553

Айта кетейік, кейінгі үш жылда Ақжайық ауданына қарасты Жамбыл, Мерген және Бударин ауылдарында мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, Көнеккеткен ауылында жаңа ғимарат пайдалануға берілді. 2023 жылдан бері өңір бойынша 17 мәдениет нысаны жаңадан салынды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале