23.10.2026, 11:00
Оқылды: 13

2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанның су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды

2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанның су саласының негізгі капиталына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Осылайша, 2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері саланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 970,8 млрд теңгеге жетті.

b8b4f642463e412d8f64257d600550c8a54a52bb0e785a9a6348e45846e4d6dd_1280x720

Сурет: gov.kz

Еске сала кетейік, 2024-2025 жылдары су саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 676,7 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы екі жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 79%-ға жоғары.

Тартылған инвестициялар есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.

«Салаға тартылып жатқан қаражат, ең алдымен, су шаруашылығы инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Бұл ретте халық пен экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар және басқа да нысандар туралы сөз болып отыр. Түптеп келгенде, инвестициялар сумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және су ресурстарын басқару тиімділігін жақсартуға мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды да көздейді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале