Үкімет Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Ақмола облысында су тасқынының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына 5,5 млрд теңге бөлді. Аталған үш жобаны 2027 жылғы су тасқыны кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қаражат Қалқұтан өзенінің арнасын тазартуға, Основное бөгеніндегі шлюз-қақпаларды жөндеуге және Иванковская бөгенін реконструкциялауға бағытталған.
Атап айтқанда:
Гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және өзен арналарын тазарту су тасқыны қаупін азайтуға, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су басудан қорғауға, 9 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін және көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ су сапасы жақсартып, өңірдің су жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы, өңірде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2025 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында қорғаныс бөгеті салынып, 15 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұланды ауданының Макинск қаласында шлюздері бар бөгет пен бетон науалар салу орманды-дала аймағынан келетін қарғын суды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің 4,7 шақырымдық арнасы тазартылып, тереңдетілді. Нәтижесінде елді мекендерді су басу қаупі жойылды.