19.11.2026, 20:45
Оқылды: 79

Бөкей ордасы ауданында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының 10 жылдығы аталып өтті

Бөкей ордасы аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажығалиевтің төрағалығымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

IMG_20261119_093753

Арнайы шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Асқар Сандыбаев қатысып, корпорацияның он жыл ішінде біртұтас қызмет көрсету жүйесін қалыптастырып, мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамын онлайн форматқа көшіргенін атап өтті.

IMG_20261119_093600

Жиын барысында Асқар Ажығалиев сала мамандарын мерекемен құттықтап, аудан әкімі атынан алғысхаттар табыстады. Сонымен қатар Асқар Сандыбаев зейнетақы тағайындау орталығының майталман маманы Светлана Бисенғалиева мен жер кадастры саласының тәжірибелі қызметкері Гүлнар Түменоваға Астанадан арнайы жеткен мерекелік төсбелгілерді тақты.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале