Бөкей ордасы ауданының 225 жылдық мерейтойы және өңір спортының дамуына үлес қосқан Өтеміс Мырзағалиевті еске алуға арналған шағын мекемелер арасындағы спартакиада өтті.

Фото: Әділет Абдиров
Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарыста қатысушылар үстел теннисі, дойбы, кермеге тартылу, арқан тарту, табан тартыс, садақ ату, гір тасын көтеру, ұзындыққа секіру, денені жатып көтеру және қол күресі секілді он түрлі спорт түрінен сынға түсті.

Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте мәдениет командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Бөкей ордасы колледжінің командасы иеленсе, үшінші орын аудандық орталық аурухана ұжымына бұйырды.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы