20.11.2026, 23:00
Оқылды: 4

Софья Самоделкина Skate America Гран-приінде жеке рекордын жаңартты

Мәнерлеп сырғанаудан Эверетт (АҚШ) қаласында өткен Skate America Гран-приі мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина ТОП-5-ке кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

InShot_20261120_200038428

Фото: DRSQazaqstan

Ол шешуші еркін бағдарламасын мінсіз орындап, 137,56 ұпайымен маусымындағы жеке рекордын жаңартты. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша Софья Самоделкина 198.59 ұпаймен 5-орынға тұрақтады.

🥇🇯🇵Ами Накаи (Жапония) - 236.81 ұпай

🥈🏳️Александра Игнатова (бейтарап) - 213.90

🥉🇯🇵Рино Мацуике (Жапония) - 211.63

4-орын. 🇰🇷Южае Ким (Оңтүстік Корея) - 204.28

5-орын. 🇰🇿Софья Самоделкина - 198.59

Айта кетейік, спортшымыз осы маусымда Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале