Қазталов ауданының оқушылары Астана қаласында өткен 9-11-сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндердің республикалық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті.

Республикалық сында А. Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ранида Талғатова (жетекшісі - Б. Сағынғалиева) және Қараөзен мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аяулым Тлепберген (жетекшісі - А. Тасқалиева) жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар білім додасында Қайыңды жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Айназ Бақытова (жетекшісі - Э. Талпақова) және Қараөзен мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Саян Мұхтар (жетекшісі - Қ. Байжанов) республикалық олимпиада грамотасына ие болды.
Бұл жетістік ауыл мектептері шәкірттерінің ізденісі мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі ретінде атап өтілді.
Жұлдыз Асқар,
Қазталов ауданы