Қазталов ауданындағы Қоныс жалпы орта білім беретін мектебінің педагогі Ермахан Тельманов облыстық «MEDIA MOB – 2026» мобилографтар байқауында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

Заманауи білім беру кеңістігінде цифрлық сауаттылық пен медиа құралдарды тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің маңызды бөлігіне айналды. Қазылар алқасы ауыл мұғалімінің смартфон арқылы мектеп өмірінің шынайы тынысын, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты дәл әрі әсерлі жеткізе білген кадр композициясы мен монтаждау шеберлігіне жоғары баға берді.
Жұлдыз Асқар,
Қазталов ауданы