Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров бастаған лауазымды тұлғалар аудан орталығы Переметный ауылындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірқатар нысанды аралады.
Аудан әкімі А.Шахаров аудан орталығында алғаш болып жұмысын бастағалы іске кіріскен тарихи-өлкетану музейінің жөндеу жұмыстарының барысымен егжей-тежейлі танысып, жөндеу жұмыстарын жүргізуші тарапқа бірқатар тапсырма берді.
Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан саябақ жұмыстарының жүрізілу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы Асхат Берлешұлы аудан орталығында орналасқан «Достық» үйіне де ат басын тіреді.
Аталмыш нысандағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысып, бірқатар ой-пікірлерді тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Зеленов ауданы