19.09.2024, 22:30
Оқылды: 99

Бөкей ордасы ауданы: кездесу Хан Ордасында жалғасты

Бөкей ордасы ауданы әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі Хан ордасында жалғасты. Басқосуда аудан әкімі биылғы жылдың өткен кезеңінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен бірге алда тұрған мақсат-міндеттері жөнінде тұрғындарға ақпарат беріп өтті.

FB_IMG_1726763110156

Ашық диалог форматында өрбіген кездесуде ауыл тұрғындары өздерін мазалаған мәселелер бойынша толыққанды жауап алды. Мәселенки, аудандық мәслихат депутаты Жангелді Төлешов жаяу жүргінші жолағы керектігін, ауылдың маңдайына біткен жалғыз футбол алаңы жастарға тарлық ететінін айтса, тағы бір депутатымыз Асылболат Оңаев 21 шақырымның жөндеу жұмысы шабан жүріп жатқанын, асфальт төселген жолға кедергі жолағы қажеттігін, көшелерді жарықтандыруға қосымша бағандар керектігін айтты. Оңаев көтерген тағы бір мәселе фельдшерлік-амбулаториялық пункттің лас суға арналған сыйымдылығын жөндеу жөнінде болды.

FB_IMG_1726763106884

21 шақырымның жөнделу барысы туралы ауыл ақсақалы Майдан Батыров та айтты.

- Шалғай жатқан аудандардың жол құрылысы ел президентінің басты назарында дейді. Бірақ бес жыл бұрын басталған жол құрылысына әлі күнге нүкте қойылмай тұр. Сонда президент пәрмені тиісті министрліктерге жүрмейді ме?- деп сөз алған ақсақалымыз округтің учаскелік полициясының көлігі сын көтермейтінін де аудан басшысының назарына ұсынды.

Азамат Елекенов пен Жалғас Ерболатовтар мал қамақ (раскол) керектігін, Асылхан Ғабдрахманов асфальт жолдарға тұрба қойылуы, арықтар қажеттігін ортаға салды.

IMG-20240919-WA0136

Кездесу соңында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов бастап, аудандық маслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан прокуроры Жұмабай Ермеков және сала басшылары қостаған топ жеке қабылдау да өткізді.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале