14.08.2015, 15:13
Оқылды: 70

Ел анасына қошемет

 

90 жасБүгін, жұма күні, 90 жасқа толған Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы кейуана Жамал Аймағанбетованың шаңырағына аудан әкімі Әділ Жоламанов арнайы ат басын тіреп, ел анасына сәлем берді, көрікті күнімен перзенттік жүректен құттықтады.

Жаңақала ауданында дүниеге келген Жамал Бисенғазықызы Ұлы Отан соғысы тылының ардагері, көп балалы ана. Сұрапыл соғыс жылдарында Чапаевтағы орманшылықта орманшы болып еңбек етті, майданға тамақ, киім дайындап жөнелтудің бел ортасында болды. Бейбіт майданда да еңбекқорлығымен, жас толқынға өмірде жол сілтеуімен халықтың құрметіне бөленді. Қоғамдық тамақтандыру саласында, ішкі істер бөлімінің күзет бөлімінде жұмыс жасады.

Аудан басшысы кейуанаға бағалы сыйлық тапсырып, оған және отбасына өмірдің нұрын, жылдарының жемісін, елінің ілтипатын тіледі.

Ж.Аймағанбетова әкімге және өзін құттықтаған Чапаев әкімдігі, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдарының өкілдеріне аналық зор ризашылығын арнады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале