Ақжайық ауданы аумағындағы су айдындарында №6 жедел құтқару жасағы қызметкерлері күн сайын патрульдік жұмыстар, рейдтер жүргізуді жалғастыруда.
Тұрғындар арасында, сондай-ақ мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерлерінде, «Атамекен» және «Жас қыран» лагерлерінде «Тілсіз жаудан» сақтан!», «Су бейқамдықты кешірмейді», т.б. тақырыптарға дәрістер өткізілді. Елімізде көп адамның өзенде шомыла білмеуі, қауіпсіздік ережелерін сақтамауы орны толмас өкінішке айналғанынан мысалдар айтылды.
– Су жағасында байқалған кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ескертілді. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда,- дейді Ақжайық ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Алмат Сабырғалиев.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы