Ақжайық ауданындағы жұмыс сапарында облыс әкімі Алтай Көлгінов Жайық ауылындағы ауыз су құбырын тарту жұмысымен де танысты.
Осы аптада басталған жұмыс қызу жүруде. Өңір басшысы мердігерге жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ Алтай Сейдірұлы тұрғындарымен де кездесті.
Кездесу барысында ауыл халқы атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, жол мәселесін шешуді сұрады.
А.Көлгінов ауыз су мәселесі шешілген соң, жол салу жұмысы жоспарға енгізілетіндігін баяндады.
Айта кетсек, биыл Жайық ауылымен қатар Шабдаржап, Томпақ, Қадырқұл, Қызылжар, Жамбыл, Битілеу, Кеңсуат ауылдарына ауыз су тарту және Базартөбе ауылында су құбырын қайта құру жұмысын жүргізу жоспарланған.
Аталған елді мекендер сумен қамтылған кезде аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 95 пайызға жетпек.