Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Сағынбас Есжанұлы Кушевті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті. Сайысқа 11 команда мен 170-тен астам спортшы қатысты.
Бозкілем тартысында Саят Жакиев (30 келі, Бөрлі ауданы), Алихан Кушев (45 келі, Бөрлі ауданы), Алтынбай Молдағазиев (48 келі, Ақтөбе облысы) Мақсат Алиев (51 келі, Ақтөбе облысы), Никита Волков (55 келі, РФ Орынбор қаласы), Досжан Утепкелиев (60 келі, БҚО), Елжас Самиголлин (65 келі, БҚО), Мәди Аманжол (71 келі, Қарағанды облысы) Ұлықбек Темірбек (80 келі, Қызылорда облысы) Бердібек Әбу (92 келі, Қызылорда облысы) есімді палуандар қарсыласын шақ келтірмей тұғырдың биігінен көрінді.
Саят Жакиев «Ең үздік күрес көрсеткені үшін» және Диас Маратов «Жеңіске жігерлігі үшін» аталымдарымен марапатталды.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер