Қаратөбеде 18 маусым күні әкімшілік айыппұлдарды уақытында өндіру мақсатында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды.
Аталған шара мүдделі орындардың бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Полиция аға лейтенанты Алтынбек Бақытжанұлының айтуынша, шара он күн өтеді. Учаскелік полиция инспекторлары, жол және көші-қон полициясының инспекторлары айыппұлдарын төлемей жүргендердің мекен жайын анықтап, 2018 жылы және осы кезеңіне дейін салынған айыппұлдарды өндіру жұмыстарымен айналысуда.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер