24.06.2019, 16:25
Оқылды: 50

Медицина қызметкерлері спартакиадада жарысты

Медицина қызметкерлері күніне орай П.Атоян атындағы стадионда «Дені сау дәрігер – дені сау пациент!» ұранымен медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті. Спорттық шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС және «Жас қанат» ЖҚБ ұйымдастырды.

 sport (1)

Денсаулық саласының қызметкерлері салауатты өмір салтын белсенді насихаттап қана қоймай, оны іс жүзінде көрсетуді игі дәстүрге айналдырған. Облыстық медицина ұйымдарының 500-ден астам медицина қызметкері қатысқан спорттық додада командалар жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, арқан тарту, асық ату, дартс секілді спорт түрлерінен жарысты.

sport (2)

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды көп бейінді қалалық аурухана, ІІ орынды қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы, ІІІ орынды Бөрлі аудандық ауруханасы командалары иеленді. Жарыс жеңімпаздары дипломдар, кубоктар, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

sport (3)

Медициналық қызметкерлердің облыстық спартакиадасы аясында спорттық жарыстардан басқа қатысушылар мен жанкүйерлер арасында екі аталым бойынша байқау өткізіліп, Теректі аудандық ауруханасы «Жеңіске деген жігері үшін», Шыңғырлау аудандық ауруханасы «Ең үздік жанкүйер» аталымына ие болды.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале