28 желтоқсан - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.
Кеше Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ Алматы маңындағы Қызыл Ту ауданында құлап, 12 адам қаза болды. Ондаған адам жарақат алды. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.
Бүгін барлық мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік ту түсірілді. Жергілікті телеарналар ойын-сауық бағдарламаларын көрсетуді тоқтатты. Көптеген ұйым жаңа жылдық кешті өткізуден бас тартты.
Оралдықтар да қаладағы Арбат бойында апатта қаза болғандарды аза тұтып, гүл шоқтарын қойды.
zhaikpress.kz