28.12.2019, 13:51
Оқылды: 80

Оралдықтар ұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтты

28 желтоқсан - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.

IMG-20191228-WA0024-800x600

Кеше Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ Алматы маңындағы Қызыл Ту ауданында құлап, 12 адам қаза болды. Ондаған адам жарақат алды. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.

IMG-20191228-WA0019-800x1000
Бүгін барлық мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік ту түсірілді. Жергілікті телеарналар ойын-сауық бағдарламаларын көрсетуді тоқтатты. Көптеген ұйым жаңа жылдық кешті өткізуден бас тартты.
Оралдықтар да қаладағы Арбат бойында апатта қаза болғандарды аза тұтып, гүл шоқтарын қойды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале