30.04.2024, 17:30
Оқылды: 58

Басқарма басшысы Алина Әжіғалиеваны қабылдады

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин Қазақстан тарихында шорт-тректен қыздар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жүлдесін жеңіп алған Алина Әжіғалиева мен бапкерлерін қабылдады.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 15.57.32 (1)

Еске сала кетейік Алина Польшаның Гданьск қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1500 метр қашықтықта күміс медль иеленді.
Басқарма басшысы Алинаны тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы қатысатын дүбірлі додаларда да топ жаруына тілектестігін білдірді.

Әжіғалиева Алина – қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөлімінде 4 жылғы спорттық жетілдіру тобының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2 курс студенті.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 15.57.32

Осы кезге дейін шорт-тректен жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы атанып үлгерді. Сонымен қатар 2019 жылы «Дети Азии» халықаралық ойындары мен 2023 жылғы дүниежүзілік универсиаданың күміс жүлдегері. 2023 жылы Әлем Кубогы кезеңінде қола, 2023 жылы Қазақстан Республикасының IV Қысқы жастар ойындарының чемпионы атанды. Биыл ақпан айында Әлем Кубогының кезеңінде және юниорлар арасында Әлем чемпионатында күміспен күптелді.

Түгелбай Бисен,

zhailpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале