30.04.2024, 12:55
Оқылды: 47

БҚО-да ТЖ кезінде 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

БҚО прокурорының бірінші орынбасары Даурен Умарғалиев атап өткендей, су тасқыны кезінде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жекелеген адамдар рұқсат етілмеген наразылық акцияларына шақыруды, жалған ақпарат таратуды жүзеге асырады, сондай-ақ ұлттық негізде арандатулар жасағандар да пайда болған. Аталған барлық фактілер құқық қорғау органдарының тәулік бойы бақылауында, олар дереу тоқтатылады.

WhatsApp Image 2024-04-30 at 11.04.24

– Су тасқыны кезеңінде аталған фактілер бойынша 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 адам қоғамдық орында жеке тұлғаларды қорлағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша 10 тәулікке қамауға алу қолданылды), 1 адам ұлтаралық және әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін (ӘҚБтК 453-бабының 2-бөлігі бойынша 20 АЕК айыппұл салынды), 2 адам жалған ақпарат таратқаны үшін (456-баптың 3-бөлігі бойынша-2 ӘҚБтК 20 АЕК айыппұл салынды) және көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойғаны үшін 3 адам (ӘҚБтК 614-бабы бойынша 3 АЕК айыппұл салынды). Осыған байланысты, біздің азаматтарымызға құқықтық салада барлық проблемалық мәселелерді шешуді ұсынамын, бұл үшін барлық жағдайлар жасалған және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сену керек, - деді Дәурен Умарғалиев.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале