21.05.2024, 19:30
Оқылды: 28

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде «Жас бүркіт» әскери патриоттық клуб тәрбиеленушелірімен патриоттық-рухты арттыру мақсатында арнайы кездесу өтті.

IMG-20240521-WA0092

Кездесу барысында, әскери бөлімге келген мектеп оқушылары, әскери өмірдің қыр сырымен танысып, тағылымды білім алды.

Аталмыш іс-шара барысында, әскери бөлім қызметкерлері жас патриоттарға алғашқы көмек көрсету, арнайы құралдарды қолдану және де арнайы даярлық сабақтарын өткізіп, көптеген ақпараттар берілді.

InShot_20240521_192714696

Ал кездесу соныңда мектеп оқушылары «Қазбат» көркем фильмін тамашалады.

IMG-20240521-WA0090

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале