18.09.2015, 22:02
Оқылды: 21

Жаңақалада үздіктер анықталды

Janakala yzdik koshe22   Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бастамасымен ауылдық жердерді абаттандыру, ауылдың гүлденуіне үлес қосу мақсатында  «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік мекеме», «Гүлді аула» анықтау мақсатында байқау жарияланған болатын. Осы аптада арнайы құрылған комиссия Жаңақала ауылдық округіне қарасты барлық аула, көше, мекемелердің ішінен шын үздіктерді анықтады.

Байқау қорытындысында Ұ. Рахматуллин атындағы көше үздік деп танылып, «Үздік көше» аталымын жеңіп алса, «Үздік мекеме» аталымын «Жауқазын» бөбекжай бақшасы, «Үздік аула» аталымын Сартай Қадырқұловтың ауласы танылса, «Гүлді аула» аталымымен Сатыбалды Егізбаев марапатталды.

Жеңімпаздарға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале