14.05.2015, 20:04
Оқылды: 19

Ресейдегі ашық Дельфийлік ойындарға қатысты

 Akjayik ReseiiАқжайық аудандық балалар шығармашылық орталығынан үйірме жетекшісі Досжан Бижанов «Халықтық көркем қолөнер және кәсіпшілік», үйірме мүшесі Мейірбек Тәжқұранов «Фотография» аталымдары бойынша Ресейдің Орел қаласында өткен ТМД елдері жастарының Дельфийлік ойындарына қатысты.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған бұл айтулы ашық шараға әлемнің 70 елінің өкілдері 28 аталым бойынша жиналды. Д.Бижанов пен М.Тәжқұранов екеуі де IV орынға және дипломант атағына ие болып оралды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале