15.06.2015, 17:34
Оқылды: 20

Ғылыми – теориялық конференция өтті

Kaztalov konferencia 15 маусым күні Қазталов ауданында қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми- теориялық конференция өз жұмысын бастады. Конференция өтіп жатқан аудандық мәдениет үйінде қазақ хандығының тарихын бейнелейтін театрландырылған көріністер көрсетілді.

Конференция жұмысын ашқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, - бұл өткізіліп жатқан конференция тарихымызды одан әрі танып білуге, жас ұрпақтың егемен ел атануына тірек болатын және болашақты бағдарлауға жол болады деп санаймын, - деді.

Конференция жұмысына тарих ғылымдарының кандидаты Жанабек Жақсығалиев қатысып, мәнді де мазмұңды таримызға арналған баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар өзара пікірлер алмасты.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале