Қадыр Мырза Әлі атындағы әдебиет және өнер орталығында дүнген халқының мәдени күні өтті.
Шара дүнген ұлтының тарих сахнасына шығуы, олардыңқилы тағдыры турасында бейнефильммен басталды. Өз кезегінде сөз алған облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов БҚО дүнген этномәдени орталығының бұрынғы жетекшісі, марқұм Әдуманап Кәримовтің азаматтық қасиеттерін, дүнген орталығын дамытуда атқарған еңбегін баяндады.
Артынан жиналған жұртшылық оны бір минут үнсіздікпен еске алды. «Бізде дүнген орталығының мүшелері көп емес, – деді Ғайса Хамидоллаұлы.
– Соған қарамастан олар облыстық ассамблея ұйымдастыратын барлық шараға өзгелермен тең дәрежеде атсалысып келеді. Сол үшін біз оларға ризамыз. Елбасы айтып өткендей, ассамблеяның қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, таяуда этномәдени бірлестіктерді өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту жөнінде қаулы шықты. Осы бағыттағы жұмыстарға дүнген орталығы да атсалысатынына сенім мол».
Шара соңы дүнген ұлтыныңәндері мен билеріне ұласты.
Мәди ЫҚЫЛАС