14.06.2021, 17:08
Оқылды: 202

100 жасқа толған кәсіподақ ардагерін құттықтады

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында 200-ден астам қызметкер еңбек етеді. Аталмыш мектеп-интернаты қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымына 200 қызметкердің 99%-ы мүше. Олардың 38%-ын жастар құраса, қалғаны тәжірибелі, білікті орта, егде жастағы мамандар.

1B9A3356-B138-453F-B76C-812993589CD8

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы  Ерлан Саханов мектеп-интернатындағы кәсіподақ құрылымы және жұмыс жоспарымен таныстырып, ұжымдағы қызметкерлерге тоқталды. Оның айтуынша, облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты жанындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы – өңірдегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестіктерінің ішіндегі жастық құрамы жағынан үлкені.

E4AFEEA0-24ED-40A1-99BB-477DD7C916B9

«Мен өзім 2003 жылы осы мектеп ұжымына келіп, алғашқы жұмысымды бастағанда таңқалғанмын. Себебі сол кездің өзінде-ақ, қызметкерлері өте білікті, тәжірибелі, белсенді болатын. Араға бірнеше жыл салып сол кездегі жас, белсенді мамандар бүгінгі күні абыройлы қызметтерін аяқтап, зейнеткерлікке шығуда. Сондай мамандардың арқасында шығар, бәлкім, біздің кәсіподақ ұйымында ардагерлерге көрсетілер құрмет пен көңіл ерекше», - дейді бастауыш кәсіподақ төрағасы.

Еңбек саласындағы жұмысшының қауіпсіздігі, құқығының қорғалуы, маман талабының орындалуы, еңбектің лайықты бағалануы жолында белсенді үн қосып жүрген мектеп-интернаты жанындағы кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ мүшелері еңбек ардагері, кәсіподақ қозғалысының белсендісі, Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Чегныхаеваны туған күнімен құттықтады. Ерекше атап өтетіні де сол Анастасия Чегныхаева 100 жасқа толды. Ардагер, мерейтой иесі мерекелеп келген кәсіподақ мүшелеріне өзінің алғыс, тілегін жеткізді.

F656A67C-FD4A-447C-B9AE-60F040C1DAEA

Жыл басынан бері аталмыш кәсіподақ ұйымы Орал қаласында тұратын отыздан астам ардагердің үйіне барып, құттықтау шараларын ұйымдастырған.

#kasipodaqkz

#БКҰ21#ППО21

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале