25.12.2020, 12:07
Оқылды: 209

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері  

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес, әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде еңбекке ақы төлеу құқығына кепілдік берілген. 

эк

Сонымен, еңбек инспекциясының мақсаты – еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік бақылау.

«Көлеңкелі экономиканың» көріністері жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек қатынастарында да кездесіп, қоғам үшін көптеген проблемаларды тудырып отыр.

Мәселен, қызметкерлердің құқықтық сауатсыздықтарын немесе өздерінің құқықтарына немқұрайлы қарауын пайдалана отырып, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді болдырмау үшін, кейбір жосықсыз жұмыс берушілер еңбек келсімшартынсыз жұмысшылардың және «еңбек мигранттарын» тиісті түрде рәсімдемей, еңбектерін заңсыз пайдаланып келеді.

Бейресми еңбек қатынастары, жұмысшыларға тәуекел болып, келесі еңбек құқықтарынан айырады:

  • жалақының мөлшері тұрақты болмайды, жұмыс берушінің еркіне қарай азаюы мүмкін (еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар міндетті түрде қарастырылады);
  • жұмыс беруші Зейнетақы қорына жарналарды аудармайды, бұл алдағы уақытта зейнетақының мөлшеріне кері әсерін тигізеді;
  • әлеуметтік аударымдар мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жүргізілмейді;
  • еңбек кітапшасына істелген жұмыс кезіндегі жазбалар жүргізілмейді;
  • жұмыссыздық жағдайында жұмыстың ресімделмеген кезеңі сақтандыру өтіліне есептелмейді, бұл жұмыссыздық бойынша төленетін көмек мөлшері мен төлеміне әсер етеді;
  • ауырған жағдайда, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем ала алмайды;
  • өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда, кәсіптік жарақат алғанда сақтандыру төлемдері жүргізілмейді;
  • және тағы басқалары.

Тіпті, бейресми еңбек қатынастары мәжбүрлі еңбекке әрекет етуге алып келуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 7 бабына сәйкес, мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлі еңбек қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.

Мәжбүрлі еңбекке тек: жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және оны орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты; төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Адамдарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу жұмыс берушіге де кері әсерін тигізеді.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде айыппұл санкциясы қарастырылған. Бұл ретте санкция дифференциалды.

Айыппұлдың көлемі лауазымды адамға 30 АЕК-ден және ірі бизнес субъектілеріне 150 АЕК дейін (2020 жылы АЕК – 2778 теңге). Бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттерге айыппұл көлемі өсіріліп 60 АЕК-ден 200 АЕК дейінгі аралықты құрайды.

Сондықтан, азаматтар жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушіден міндетті түрде еңбек шартын жасауды талап етулері қажет.

Ал жұмыс берушілерді азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде ҚР Еңбек кодексінің нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз.

Еңбек шартын жасаспау, соның ішінде мәжбүрлі еңбекке әрекет ету фактілері орын алған жағдайда, азаматтар БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 188, тел. 50-04-86,) хабарласуларына болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале