15.06.2021, 15:56
Оқылды: 213

Агроөнеркәсіптік кешендерде кәсіподақ ұйымдарын көбейту шаралары жолға қойылды

Биыл маусым айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бастамасымен аудан, елді мекендердегі ауыл шаруашылығы саласының жағдайымен танысу, агроөнеркәсіптік кешендерден ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарына бақылау жасау мақсатында Шыңғырлау, Бөрлі, Ақжайық және Казталов аудандарында кездесулер өтті.

 image-15-06-21-03-48

Кездесуге аталмыш сала қызметкерлері мен қатардағы жұмысшы топтар, шаруа қожалықтарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.

Жиын барысында шаруа қожалықтарының жетекшілері мен жұмысшылар өздерінің алаңдатқан мәселелері мен сұрақтарын ортаға салды. Оның ішінде бүгінгі күні кейбір аудандардың экологиялық мәселесіне айналып отырған су, құрғақшылық туралы болса, сондай-ақ, мал қыстату, мал жайылымдары және қатардағы жұмысшы топтардың жүктемелік міндеттері мен жалақылары жөнінде де айтылды.

Облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Амангелді Дәулетжанов экологиялық мәселелер жолында белсенді қызметтер атқарып жүргенін алға тартып, ауыл шаруашылығы салаларына қатысты көтерілген сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, Амангелді Дәулетжанов осыған дейін облыстық көлемде «Экология», «Еңбек қауіпсіздігі» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізіп, мәселелі сұрақтарды аудан және облыс әкімдеріне жолдаған болатын. Сонымен қатар, кәсіподақ жетекшісі жұмысшылардың қауіпсіздігі, лайықты еңбек жағдайының жасалуы үшін кәсіподақ ұйымын құру қажет екендігін жеткізді.

Кездесу соңында агроөнеркәсіптік кешендердегі кәсіподақ ұйымдарының санын көбейту тапсырмалары жолға қойылды.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале