3.02.2020, 11:40
Оқылды: 121

Ақжайық ауданындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясының құрылысы қыркүйекте аяқталады

Жаңа оқу жылында Ақжайық ауданына 15 жас маман жұмысқа орналасқан. Дегенмен ауданда кадр жетіспейді.

-Аудан орталығындағы апатты деп танылған Абай атындағы мектеп гимназиясына жаңа 300 орындық мектеп пен 100 орындық интернатының құрылысы жүруде. Жоспар бойынша биыл 1 қыркүйекте іске қосылады.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Чапаев ауылындағы №1 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуді қажет ететін Алғабас мектебінің жобалық-сметалық құжаты сараптамадан өтті.

Краснояр мектебінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, сараптамаға жолданады және Базартөбе мектебінің жобалық-сметалық құжаты дайындалады, - деді аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов.

Aqjaiyq2 (14)

Ақжайық ауданындағы 8 орта, 12 негізгі, 9 бастауыш мектепке күрделі жөндеу қажет. Атамекен ауылындағы М.Өтемісов атындағы мектебі 2017 жылы апатты деп танылған, бүгінде  құжаттары әзірленуде.

-Ауданымызда 13 орта мектепте су және канализация жүйесімен қамтылған ішкі әжетханалар жұмыс жасайды. Өткен жылы аудан бюджетінен 6 млн. теңге қаражат бөлініп, 10 орта мектептердің ішкі санитарлық жабдықтарының қажетті негізгі материалдары алынып, орнату жұмыстары жүргізілді. Ендігі кезекте 1 орта, 12 негізгі және 9 бастауыш мектепті санитарлық қондырғылар, ішкі және сыртқы канализация жүйесімен қамту, қазіргі заманға сай санитарлық нормалармен сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырамыз,-деді аудан басшысы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале