26.10.2021, 11:49
Оқылды: 71

Ақжайықтың жарқын жетістіктері мол

Өңірлік коммуникациялар қызметінің дәстүрге айналған баспасөз мәслихатында бүгін Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі туралы баяндауда.

WhatsApp Image 2021-10-26 at 11.47.53

Ол алдымен Тәуелсіздік жылдарындағы жарқын жетістіктерді сараптап шықты:

-Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.

Тәуелсіздік жылдарының бастауында тұтас елімізде қалыптасқан жағдай сияқты Ақжайық ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалы өте күрделі деңгейде болды. Ел тағдыры сынға түскен сәтте ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ұстанымы арқылы елдің ішкі бірлігін сақтауға, халықты жаппай еңбек қоғамына жұмылдыруға, қиындықтарды бірге еңсеріп, жарқын болашаққа сеніммен қарауға шақырды. 1997 жылы Чапаев және Тайпақ аудандары біріктіріліп Ақжайық ауданы құрылды, – деді Қ.Ш.Айтмұхамбетов.

Осыдан соң ол ауыл шаруашылығындағы игі жақсылықтар, жұмыспен қамту көрсеткіштері, баспанамен қамту, елді мекендерге ауыз су және газ желілерін жеткізу, т.б. салаларда қолға алынған қам-қарекеттер мен межеленген жоспарларды атап өтті.

Әсем Есбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале