«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

"Анам әркімнен қашып жүріп нан сататын". Санжар Тәшкенбай ата-анасының жұмысы туралы айтты

Бокстан әлем чемпионы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай ата-анасының жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

c6506e81-9901-452b-ba41-78653d5756fc

Фото: tashkenbay_sanzhar

Бұл туралы спортшы NTK Entertainment бағдарламасына берген сұхбатта айтқан.

"Әрине, анамның базарда қаттама нан сатқаны рас. Біз Астанаға келгенде саудадан бастадық. Анам қаттама нан сатып бастады, базарда полициядан, әркімнен қашып жүріп сататын. Қазір енді Аллаға шүкір. Бәрін өзім қолға алдым, әке-шешем де демалып жатыр, жұмыс істемейді, мен істеймін. Ал әкем бұрын таксист болып істеді. Қазір демалады", - деді Санжар Тәшкенбай.

Айта кетейік, 19 жастағы Санжар Тәшкенбай - Азия чемпионы. Ал былтыр жастар арасында әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған.

Еске салайық, бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. 48 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.

Жақында спортшы Санжар Тәшкенбай әкесіне жаңа көлік сыйлап, бала күнгі арманын орындаған еді.

С. Бөлек,

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале