8.02.2020, 16:50
Оқылды: 145

«Арай» community орталығы ашылды

Оралдағы ет комбинаты, 7/1 мекенжайында заманауи үлгідегі қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана филиалы мен мәдени-ағарту бірлестігінің «Арай» community орталығы ашылды.  

20200208_164040-800x505
Бір ғимараттан орын тепкен руханият пен мәдениеттің ордасының ашылу салтанатына қала әкімі Абат Шыныбеков, әкім орынбасары  Бақытжан Нарымбетов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев, мекеме басшылары мен шағын аудан тұрғындары, үйірмелердің қатысушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

20200208_164102-800x589

Салтанатты шараға келген қонақтарды шашу шашып қарсылаған кітапхана оқырманы Ұлмекен Ауқатова жаңа ордадағы қуанышпен құттықтады. Кішкентай оқырмандар болса, Абай Құнанбайұлының, Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін жатқа оқып, кітапхана меңгерушісі Индира Ильясова кітапхана жұмысымен таныстырды.

20200208_164143-800x576
Шаһардағы  №6 кітапхана филиалы 1966 жылдан бері қызмет етуде. Бұған дейін апатты ғимаратта орналасқан кітапхананың қазіргі келбеті келісті. Төрт мыңнан астам оқырманы бар кітапхананың кітап қоры - 43 мыңнан астам. Оқу залы, абонемент, мерзімді басылымдар, конференц залымен қатар мұнда әйелдер клубы, жасөспірімдерге арналған және «Мұра» атты қызығушылық клубы бар.

20200208_164120-800x552
Ал community орталығы  1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Арай»  балалар аула клубынан басталған. Қазір жаңарып, жасарып, заманауи үлгіде жасақталған. Мұнда бүлдіршіннен бастап еңкейген кәрі де уақытын тиімді өткізе алады. Ет комбинаты  шағынауданының тұрғындары бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, түрлі мәдени, спорттық шараларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасалған.

IMG-20200208-WA0035-800x600

Балалар мен жасөспірімдерге арналған эстрадалық ән, қолөнер және шахмат үйірмелері, балаларға арналған мәнерлеп оқу және басқа да қызықты үйірмелер жұмыс істейді.
- Білім мен мәдениеттің  ордасындағы қоныстой құтты болсын. Кітапхана - рухани орталық. Бұл үлкен-кішіні тарихты зерделеуге, құндылықтарымызды құрметтеуге үндейтін,  ата-бабаларымыздан қалған мирас-мұраны жинақтаған мекен. Осындай орталықты заман талабына сай жабдықтау - біздің міндетіміз. Былтыр  коворкинг орталығы ретінде жасақталған осындай кітапхана Зашаған кентінде ашылған болатын. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба бермек. «Арай» - шығармашылық пен мәдениетке баулитын орталық. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бұл жерді рухани азық ордасы ретінде ашуды көздеген еді. Бұл енді саз өнерін, поэзия әлемін, спорттық бағдар дағдыны, өзара қарапайым қарым-қатынасты, ұрпақтар сабақтастығын  да дамытатын орталық болмақ. Биыл қалада «Шетсіз аймақсыз қала» деген тұжырымдама бойынша жұмыстар жүзеге асуда. Яғни жасалып жатқан шаралармен тек шаһардың орталығы емес, қаланың шеткі аймақтары да қамтылу керек. Болашақта Сарытау шағынауданында, Серебряков кентінде мәдени орталық ашу жоспарда бар. Бүгінгі есігін айқара ашқан орталықта тәрбиеленетін балалар адамгершілік жағынан да, өнер, спорт және мәдениет жағынан да озық болатынына сенемін. Орталықтың көркеюіне тілектеспін, - деді Абат Шыныбеков.
Ашылу салтанатына келген тұрғындар шағынауданнан осындай мәдени ошақтың ашылғанына қуаныштарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.

Ясипа Рабаева
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале