14.02.2020, 17:47
Оқылды: 95

Ауған сарбаздарына құрмет

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетов ақжайықтық Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Жыл сайынғы бұл дәстүрлі жүздесу соғыста қаза тапқан сарбаздар бейнесін еске түсірумен басталды.

aqjaiyq (2)

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Сол бір қанды қырғын ел есінен өшпейді, ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Аудан басшысы осы жайында айта келіп, биылғы жылдың еншісіндегі елеулі мерекелік күндерге тоқталды. Ауданның экономикалық-әлеуметтік даму жайы да назардан тыс қалған жоқ.

aqjaiyq (1)

Кездесуде Ауған соғысы ардагерлері атынан сөз алған Жанболат Құлмағамбетов өздеріне жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген аудан әкімі мен мекеме-бөлім басшыларына алғысын білдірді. Бұдан кейін жиналғандар осы күнге орай ұйымдастырылған асық атудан облыстық турнирге қатысып, Ақжайық аграрлық техникалық колледж студенттерімен жүздесті.

Әлия ШАРАПИЕВА

Суреттерді түсірген Азамат ҚАНАПИЯ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале