2.08.2021, 16:55
Оқылды: 174

Барлық мемлекеттік қызмет енді бір нөмірден қолжетімді

Халыққа ыңғайлы болу үшін 1411 қысқа нөмірін жаба отырып, 1414-тің  әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы шешім қабылданды.WhatsApp Image 2021-08-02 at 15.33.59

Енді зейнетақы мен жәрдем ақыны, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту туралы сұрақтарды 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қосымша 5 нөмірін басу арқылы алуға болады.

Ақпарттық кеңес беру қызметі сақтала отырып, төмендегідей сұрақтарды қамтиды:

  • Зейнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру;
  • Әлеуметтік сақтандыру;
  • Көп балалы отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы;
  • Атаулы әлеуметтік көмек;
  • Еңбек қатынасы және халықты жұмыспен қамту;
  • ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзырына жататын басқа да сұрақтар.

Әлеуметтік сұрақтар бойынша 1414 халыққа дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін (жексенбі-демалыс) көмектесе алады, қоңырау шалу - тегін.

Ең танымал мемлекеттік қызметтерді біздің @kenes1414bot телеграмм-бот арқылы да алуғаболады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

БҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале