26.12.2023, 11:15
Оқылды: 43

Бас прокуратура: жыл басынан бері 2552 қылмыскер ұсталды

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Онда 2021, 2022, 2023 жылдары тергеп-тексерілген және соттан бой тасалаған адамдарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі талқыланды. Бұл туралы бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

48eae0eccc82e1332da3a3357b033559_1280x720

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Жоғарғы Соттың өкілдері, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, Цифрлық даму министрлігінің басшылығы мен басқа да жауапты тұлғалар, облыс прокурорлары мен аумақтық қылмыстық қудалау органдарының басшылары қатысқан.

Жиынды ашқан Берік Асылов «Әділетті мемлекетті құрудың негізгі белгісі, кез келген құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі – қылмыстық қудалаудан бой тасалаған азаматтарды тиімді іздестіру», - деп атап өтті.

Бас Прокурор қылмыскерлерді іздеуде белгілі нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Жыл басынан бері 2552 қылмыскер, оның ішінде адам өлтіргені үшін 30, тонау қылмысын жасаған 81, қарақшылық жасаған 15, алаяқтық жасаған 384, есірткі қылмыстарын жасаған 82 айыпталушы ұсталды.

Үйлестірілген іс-шаралардың және халықаралық серіктестермен арадағы өзара тығыз байланыстың нәтижесінде шетелдік юрисдикциялардан ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру, зорлау, қаржы пирамидалары мен ұйымдасқан қылмыстық топ құру қылмысы бойынша 100 ден аса күдікті елге қайтарылды.

Бұл ретте экстрадиция туралы келісімдердің жоқтығына қарамастан, биыл Германия, Камерун, Польша және Швециядан іздеуде жүрген 7 адам елге қайтарылды.

Қазіргі таңда Аргентина, Бразилия, Германия, Грузия, Испания, БАӘ, Польша, Ресей, Сербия, Түркия, Украина, Франция, Чехия және тағы да басқа елдерден іздеуде жүргендерді елге қайтару үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

Іздестіру жұмысына цифрлық технологияларды кеңінен қолданудың маңыздылығы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің барынша интеграциясының нәтижесінде іздеуде жүрген адамдардың мемлекеттік, банктік, медициналық, көліктік және тағы да басқа қызметтерді алғандығы жөнінде уақтылы хабарлау қажеттілігі атап өтілді.

Талқылау нәтижелері бойынша, оның ішінде «Интерпол» Ұлттық бюросының желісі бойынша, іздестіру қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған методологиялық және заңнамалық кешенді шаралар әзірленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале