20.07.2022, 15:15
Оқылды: 96

Белсенді әрекеттерге көшу керек

Кеше Оралда Орхус орталықтары мен ҮЕҰ-мен (Үкіметтік емес ұйымдар) Жайық өзенін қорғау күніне орай дәстүрлі кездесу өтті.

IMG_20220719_115858

«Қоршаған ортаны қорғау және трансшекаралық өзендер, оның ішінде Жайық өзені бойынша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстел сипатындағы жиынға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, орталық және жергілікті атқарушы құрылымдардың, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) бағдарламалар офисінің өкілдері, қазақстандық және ресейлік сарапшылар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Тараз, Атырау, Ақтау, Атбасар, Көкшетау қалаларынан және Ресей Федерациясынан қонақтар қатысты.

 

Басқосуды ашқан Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменова екі мемлекеттің өмірін қамтамасыз етудегі трансшекаралық өзеннің маңыздылығын атап көрсетті. «Өзеннің суы тартылып барады. Сондықтан Жайықты сақтаудың дұрыс, жүйелі шараларын қабылдауымыз керек. Өткен жылы жаңа Экология қабылданды. Ең осал төрт саланың бірі – су ресурстары. Сондықтан бұл бағыттағы ауқымды ғылыми зерттеулерді қамтитын жұмыстарды жүргізіп, тек Жайық-Каспий бассейнінің ғана емес, барлық өзеннің алгоритмдерін әзірлеуіміз керек»,- деді вице-министр З.Сүлейменова су ресурстарын сақтаудағы қоғамның маңызды рөлін және мемлекеттік экологиялық институттардың азаматтық қоғаммен күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті. Қоршаған ортаны және трансшекаралық өзендерді қорғау мәселелері бойынша халықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

IMG_20220719_104551

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жиналғандардың назарын Қазақстан үшін үлкен тарихи-мәдени және экономикалық маңызы бар трансшекаралық өзенді сақтаудың бірыңғай тетігін әзірлеу қажеттілігіне аударды. «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі жоғары деңгейде көтеріліп, халықаралық комиссия құрылды. Трансшекаралық өзенді сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлма аясында әр түрлі зерттеулер жүргізіліп, түгендеу жүргізіледі және өзеннің ластану көздері, қолайсыз факторлар анықталады. Деректер алмасу тұрақты негізде жүргізіледі. Биыл су 3,95 метрге көтерілді. Тасқын суларды үнемдеу үшін ескі арналарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Киров-Шежін каналының су қоймалары жүйесін және басқа да суару жүйелерін қайта құру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде,- деді Арман Өтеғұлов.

IMG_20220719_110016

 

Екі күнге созылатын жиында ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы құрылымдардың, аймақтық Орхус орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, экобелсенділер Жайықты құтқару мәселесіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов  Жайық суға жарымаған соң, оның бойындағы орман алқабының құрып бара жатқанын айта келе,  өзенге ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысаны мәртебесі берілсе деген ұсынысын білдірді. Ресей ғылым академиясының академигі, Ресей географиялық қоғамының вице-президенті, РҒА Орынбор федералдық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми директоры Александр Чибилев Орал мен оның бассейнінің экожүйесінің тағдырын волюнтаристік, саяси және үстірт шешімдердің, жауапсыз бизнестің мүдделері негізінде шешу мүмкін еместігін айтты. «Өзенді құтқару керек екені баршаға бұрыннан аян, сондықтан белсенді әрекеттерге көшу керек», – деді академик.

Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале