3.11.2022, 10:00
Оқылды: 82

Би – жан қозғалысы (немесе бишілермен сырласу)

Мизам айы туса да, тамыздың емес-ау, әсеттің (шілде) аспан айналып жерге түсердей аптабы әлі қуырып тұрған кез. Халық шығармашылығы  орталығын іздеп (бұл сөзімнің мәнісін кейін айтам...) шыққан бетім осы ыстықтан ба, әлде басқадан ба біртүрлі қайбырттап, ілгері басқан аяғым кері кеткендей болып келе жатырмын.

WhatsApp Image 2022-11-03 at 09.47.12

Өзіміз ОНМЦ (областной народный методический центр)  деп атайтын бұл орталықтың ел ішіндегі көркем­өнерпаздарға бас-көз болушы қарашаңырақ екенін былайғы халық біле де бермейтін шығар, бірақ  ауылдан «арқаланып шыққан» (Абай) талай жасты қарсы алып, жолын ашқаны анық.

... Сол баяғы «Ремзавод» аялдамасы. Сол баяғы қабырғасы қалың,  шаңырағы биік көне ғимарат «уһілеп» қарсы алды. «Қалай да уһілемесін...» деп ойладым уақыт табы сіңіп қалған орынның ерекше салмақты  лебін тұлабойыммен  сезініп. Он жеті жасымда үкілі домбырамды қолыма ұстап, айтыс әлеміне қадам басқанда қарсы алып, қанатымды қатайтқан ыстық ұя ғой бұл. Одан беріде қанша тарих өтті басынан. Алғашқы қазақ театры,  одан жастар орталығы...

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің 8 қарашадағы №130 (21159) санынан оқи аласыздар.

Дариға Мұштанова,

«Парасат» орденінің иегері,

Мәдениет саласының үздігі,

Үздік ақпарат қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале