26.06.2020, 20:56
Оқылды: 241

БҚО әкімі байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерін құттықтады

Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып журналистерді мерекемен құттықтады.

IMG-20200626-WA0040-2

- Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Шығармашылық табыс тілеймін! Мемлекеттік орган мен журналистер арасындағы қатынас тығыз. Қоғам алдындағы жауапкершілікті ұдайы сезінумен қатар көптеген мәселелерді жоғары деңгейде көтеріп, бірлесе жұмыстанып келесіздер. Барлығымыз бірге бір арнада жұмыс жасаудамыз. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Бағдарламалардың халыққа дер кезінде жеткізуде де атқарған еңбектеріңіз орасан. Соңғы уақытта әлемде орын алған індетке жол бермеу мақсатындағы шараларға да белсене араласып келесіздер - деді құттықтау сөзінде Ғали Нәжімеденұлы.

Шарада облыс басшысы өңірдегі журналистика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін өңірдің бір топ тілшілерін марапаттады. Олардың қатарында "Жайық Пресс" медиахолдингінің құрамындағы облыстық "Орал өңірі" газетінің ардагер тілшісі Есенжол Қыстаубаев пен газеттің аға тілшісі Нұрбек Оразаев, "Приуралье" газетінің бас редакторы Роза Сыикова мен орынбасары Наталья Портнягина, Шыңғырлау аудандық "Серпін" газетінің жауапты хатшысы Гүлшат Ботанова, Ақжайық аудандық "Жайық таңы" газетінің жауапты хатшысы Борис Мырзағалиев алғыс хатпен және арнайы сыйақымен марапатталды.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале