7.05.2021, 13:50
Оқылды: 579

БҚО әкімі Отан қорғаушыларды құттықтады

7 мамыр күні Оралдағы №5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған шағын форматта салтанатты шара өтті.

Салтанатты жиынға 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты. Жиынның ашылуында Батыс Қазастан облысының әкімі  Ғали Есқалиев құттықтау сөз сөйлеп, жауынгерлерді құттықтап, ел тыныштығын қорғап жүрген бірқатар озат әскери қызметшілерге алғысхаттарын табыстады.

E3ECA54B-9005-448E-8F6D-3C01A3848ADE

3BB996CA-5B00-4BE3-8BE2-C0466D8B2EEB

-Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! 1992 жылы 7 мамырда еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл мереке біздің өмірімізге еніп, әскери парызымыздың және бейбітшілік пен келісімді сақтайтын, Отанды кез келген қауіптен қорғайтын, өз еліне деген жанқиярлық патриотизм мен сүйіспеншіліктің үлгісіне айналды.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда, қоғам мен мемлекетті қорғауда Ұлттық ұлан маңызды рөл атқарады. Құқықтық тәртіп әскерлерінің алдында Қазақстан халқының қауіпсіздігін қорғау атты ең басты және негізгі міндет тұр.

Ұлттық Ұлан қатарындағы азаматтардың қызметі патриотизм, достық және ерлік мектебіне айналады.

Тәуелсіздік алған күннен бастап көзсіз ерлігі мен батырлығы үшін Ұлттық ұланның 169-дан астам әскери қызметшісі (оның ішінде 22-сі қайтыс болғаннан кейін) түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды. 40-тан астам әскери қызметші ордендермен марапатталса, полковник Қайрат Үмбетовке жоғары дәрежелі "Халық қаһарманы" атағы берілді. 5517 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі аға сержант, сондай-ақ Асқар Нұрғалиев әскери борышын орындау кезінде адам өмірін сақтап қалуда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" жоғары мемлекеттік наградасына ие болды.

Біз айтып өткен қазіргі заман қаһармандары кеңінен насихатталып, өскелең ұрпаққа үлгі болуы керек. Біз Отанымыздың тарихындағы ерлікке толы кезеңдерді әрдайым қастер тұтып, батыр әкелеріміз бен қаһарман аталарымыздың жанқиярлық ерліктерін мәңгілік есте сақтайтын боламыз. Сонымен қатар бүгінде Отан сақшысы болып, елдегі бейбіт өмір мен тыныштықтың күзетінде тұрған арыс азаматтарымызға құрметіміз шексіз. Сондықтан сарбаздар, сіздердің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз, бойларыңыздағы патриоттық рух-бүгінгі өсіп келе жатқан жастарға үлкен тәрбие, өнеге, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

BCED3989-7A72-4C82-9FD0-6A9675C57775

Өз кезегінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы полковник Кайрат Үмбетов ел қорғаған ерлердің есімі мәңгі ұмытылмайтынын айтып, әскери қызметкерлерге ізгі тілегін жеткізді.

591F4273-44B4-4E08-AF3D-44B3BE17D29B

Шара барысында өңір басшысы бөлімнің қарамағындағы әскери техника және қару-жарақ үлгілерімен танысты.

A41D70D4-69A8-4F5B-95F7-BD2D3D36123D

    Әкіммен кездесу барысында 5517 бөлім командирі, подполковник Ербол Антай, бөлімнің әскери-жауынгерлік қызметі мен ахуал-жағдайын баяндады.

    Мереке соңында жауынгерлер сапқа тұрып, туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы «Мен, қазақпын» патриоттық әнді шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айта кету керек, биыл пандемияның таралуына байланысты салтанатты мереке жұртшылықтың қатысуынсыз санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өтті.

  Ерболат Сұлтанов,

подполковник

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале