28.01.2020, 20:27
Оқылды: 640

БҚО әкімі полиция қызметкерлеріне бір ай ішінде кемшіліктерді жоюды тапсырып, қатаң тәртіпті талап етті

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы талқыланды.

IMG-20200128-WA0175-800x450
-Бүгінде жергілікті полиция қызметінде қордаланған күрделі мәселе көп. Бізге ватсап желісі және жеке блог арқылы облыс жұртшылығынан көптеген арыз-шағым келіп түсуде. Соңғы кездері облыста жол-көлік оқиғалары көптеп орын алуда. Оның әртүрлі себептері бар. Соның ішінде, патрульдік қызметтегі кейбір полицейлердің жемқорлыққа жол беру факторын атауға болады. Жол ережесін бұзғандар жемқорлыққа жол беріп, мәселені сол жерде шешуге тырысады. Бұл келеңсіздік әсіресе Атырау - Самара, Орал - Ақтөбе бағытындағы жолдарда жиі орын алады екен. Кейбір патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғандарға айыппұл төлетудің орнына пара беріп, оңай жолмен құтылуды ұсынады екен. Мұндай азаматтар қатарына жол ережесін жиі бұзатындар жатады. Ал жол ережесін көп бұзбайтын кейбір адал азаматтар пара бермей, заңмен белгіленген айыппұл парадан көп болса да сол сомманы төлеуге келіседі. Осылайша, біз байқаусыздан ереже бұзған азаматтарды жазалаймыз да, нағыз өрескел заң бұзушыларды одан әрі заң бұзушылыққа итермелейміз. Өйткені, олар пара беріп құтылып жүреді. Ал ол бір күні жаяу жүргіншіні қағып немесе ірі жол-көлік оқиғасын жасамайтынына кім кепіл. Сондықтан тәртіпті күшейте түсуіміз керек, -деді облыс әкімі.
Кеңес отырысында сөз алған облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Кенжебек Куспаев аталған саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

IMG-20200128-WA0179-800x450
-Жергілікті полиция қызметіндегі жемқорлықты болдырмау полиция департаментінің қатаң бақылауында. Жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Биылғы жылдың 21 қаңтары күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері жүргізген жедел шараның нәтижесінде қызмет бабында пара алды деген күдікпен жол патрульдік қызметінің командирі ұсталды. Бүгінде олекі мерзімге қамауға алынып, оған қарсы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Орын алған оқиғаға орай қызметтік тексеріс жүргізілуде. Жақында өтетін тәртіптік кеңесте жемқорлыққа жол берген қызметкердің, сонымен қатар оның тікелей басшыларының да тәртібі қатаң қаралатын болады, - деді Кенжебек Сүйеужанұлы.
Жиынға қатысқан «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева аталған салада сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған бірқатар іс-шараны ұсынды.

IMG-20200128-WA0177-800x450

Олардың қатарында сала қызметкерлері арасында жасырын сауалнамалар жүргізу, полиция қызметінің атқарған жұмысына арнай мониторинг жүргізу, жылдық есеп беру кезінде жемқорлықтың алдын алуға байланысты қолға алынған шаралардың тиімділігі туралы халықты құлақдар ету секілді бірқатар ұсыныс болды.
Іс-шарада облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде және участкелік пунктерінде бөлім басшыларының ұялы байланыс нөмірлері, электрондық мекенжайлары көрсетілген ақпараттық стендтарды орналастыруды ұсынды.

IMG-20200128-WA0176-800x450

Сондай-ақ полиция бөлімдерінің әлеуметтік желілерде аккаунттарын ашу, жас қызметкерлер арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстарын кеңінен ұйымдастыруды ұсынды.
-Бүгінгі басқосуда айтылған сын барлық тәртіп сақшыларына бірдей қатысты емес. Полицейлердің басым көпшілігі өз ісіне адал, кәсіби мамандар деп білемін. Барлығымыз қиын жағдайларда тәртіп сақшыларына жүгінеміз. Оның үстіне өңіріміздің өз өмірін қауіпке төндіріп, адам өмірін арашалап қалған тәртіп сақшылары да жеткілікті. Алайда патрульдік қызметінде алдын алу және тәрбиелік жұмысына баса назар аудару қажет. Өткен жылдың соңғы айларында патрульдік инспекторлардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары онын алғаны баршамызға мәлім. Мұның бәрі полиция қызметінің тәрбие жұмысы мен кадрлар дайындығының төмендігін көрсетеді. Осы олқылықтарды ескере отырып, полиция департаменті аталған сын-ескертпелерді есепке алып, кемшін тұстарды жою бойынша жұмыс жүргізуді тапсырамын, - деді Ғали Есқалиев.

IMG-20200128-WA0178-800x450
Облыс әкімі облыстық полицияның жол батальондарына және кадр жөніндегі орынбасарларының атқарып отырған қызметіне сәйкестігін тексеруді тапсырды.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале