26.08.2026, 12:30
Оқылды: 5

БҚО-да «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» жолының 39 шақырымы жөнделуде

Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп жазады «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы.

жп жол (2)

Сурет: Сайт архивінен

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автомобиль жолының 369-408 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобаның жалпы ұзындығы – 39 шақырым.

Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:

– 13 шақырымда қолданыстағы асфальтбетон жабыны жонылды;
– 26 шақырымда жаңа материал қосу арқылы суық жону әдісімен жол негізі нығайтылды;
– 26 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат төселді;
– 16 шақырымда майда түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселді.

Сонымен қатар, 407-шақырымда су өткізгіш құбырды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобаны жүзеге асыруға 52 маман мен 45 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале