3.07.2026, 15:15
Оқылды: 10

БҚО-да былтыр 37 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық қайта өңдеуге жіберілді

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режим арқылы қатысты.

732517539_18623628106028162_2551134350917709947_n — копия

Консультативтік-кеңесші органның отырысында қалдықтарды басқару, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру және өнеркәсіп пен құрылыстың энергия тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Өңірде 147 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны бар. Оның 27-сі санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келеді. 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына 7 жаңа полигон салу жобасы енгізілген. Оның ішінде Орал мен Ақсай қалаларында жаңа полигондар салуға қажетті жобалық құжаттар әзірленіп жатыр.

732517539_18623628106028162_2551134350917709947_n

Аймақта 2 қоқыс сұрыптау кешені және қалдықтарды қайта өңдейтін 3 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ пластик қалдықтарын тиімді жинау мақсатында 8 аудан орталығына пластикті престеу қондырғылары сатып алынды. 2025 жылы облыста 132 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналып, оның 36,7 мың тоннасы немесе 27,8 пайызы сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Нариман Төреғалиев жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту, жаңа полигондар құрылысының жобаларын уақытылы іске асыру, қайта өңдеу көлемін ұлғайту және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале