9.04.2020, 11:06
Оқылды: 474

БҚО-да коронавирус жұқпасымен тағы екі адам бақылауға алынды

Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 2 жағдай тіркелді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев айтты.

4BC2CA14-261D-482D-8141-027A7672DAE5

Олар халықаралық жүк тасымалымен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтары боп шықты. Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпел бекетіндегі санитарлық-карантиндік бақылаудан өту кезінде біздің эпидемиолог мамандар әдеттегідей сауалнама жүргізіп, қашықтықтан термометрия жүргізген. Нәтижесінде азаматтардың бірінен дене қызуы анықталды. Аталған азаматтар шұғыл оқшауланып, жедел жәрдем қызметі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, екі азаматты провизорлық стационарға жеткізіп, коронавирустық инфекцияға зертханалық талдау жүргізілді. Өкінішке орай ПТР зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
09.04.2020 жылғы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусты инфекциямен барлығы 4 адам ем алуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале