17.04.2020, 10:48
Оқылды: 127

БҚО-да тағы бес адамнан COVID-19 анықталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

2F4686AE-9874-496C-8393-6C2FC7BAC118

Бірінші жағдай бойынша, ауру жұқтырған азамат - 30 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Ал коронавирустық инфекция табылған 4 азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар қашықтық термометриямен тексеріп, сауалнама жүргізген. Бірақ азаматтардың денсаулықтарына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020ж. №32 Қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 5 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиялық зерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

17.04.2020ж. жағдай бойынша облысымызда коронавирустық жұқпадан 2 адам жазылып шықты.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 28 адам, провизорлық стационарда – 50, карантиндік стационарда – 158, үй оқшаулауында – 1396 адам дәрігерлер бақылауында.

Құрметті тұрғындар! Кімде-кім өзін жайсыз сезініп, вирустық инфекция белгілерін байқаса, бірден жедел жәрдем шақыруыңызды сұраймыз, - деді Нұрлыбек Ермекұлы.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале