23.12.2019, 17:20
Оқылды: 282

БҚО-да «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 76 000 салымшысы жыл қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын алады

2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын Батыс Қазақстан облысының 76 000 тұрғыны алады. Олардың 19 328-і келісімшартты осы жылы жасасқан. Бұл туралы журналистермен кездесуде банк филиалының директоры Аида Ипатова мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымдар бойынша ең жоғары тиімді мөлшерлемені - 13% - ға дейін ұсынады. 2% базалық мөлшерлеме кезінде депозиттер бойынша мұндай табысқа мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы есебінен қол жеткізіледі. Ол 200 АЕК немесе 505 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі.  Яғни, егер бір жыл ішінде біздің клиент осындай соманы жинаса немесе оны бір мезгілде енгізсе, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғары сыйақы – 101 000 теңге алады, - деп түсіндірді Аида Ипатова.

ТҚЖБ-де шот бола тұра, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға немесе коммерциялық нарықта шаршы метр сатып алуға болады. Биыл бұл мүмкіндікті өңірдің 8 мың тұрғыны пайдаланды.

2020 жылы Батыс Қазақстан облысында жергілікті әкімдік желісі бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 42 мың шаршы метр болатын 761 пәтерлік 6 нысанды тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде 2 нысан «Солтүстік-Шығыс» шағын ауданында және 4 нысан Зачаганск кентінде орналасқан. Тұрғын үйдің орташа құны 1 шаршы метр үшін 140 000 теңгеден басталады. Бұл үйлерден пәтер сатып алу үшін салымшыларға бастапқы жарна 20% - дан басталады, несие бойынша мөлшерлеме жылдық 5% - ды құрайды.

 

«Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары жайлы мына жерден оқи аласыз: «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 10 миллион теңгеге дейінгі үйлерді сатып алуға болады

Нұрлыбек Нұрланұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале