Бүгін түнгі 00:05 шамасында «Орал - Тасқала» тас жолының 7-8 шақырымында екі көлік соқтығысқан.
1977 жылғы жүргізуші басқарған «Toyota camry» автокөлігі мен 1941 жылғы жүргізуші тізгіндеген «VOLKSWAGEN golf2» автокөлігі соқтығысып, жол апаты болды.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі көліктің де жүргізушілері алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.
1961, 1957, 1943 жылғы «Toyota camry» автокөлігінің жолаушылары облыстық ауруханаға жатқызылған.
Ал екінші көліктегі жүргізуші жалғыз болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Жол-көлік оқиғасының мән жайы анықталып жатыр.
zhaikpress.kz