18.08.2023, 14:45
Оқылды: 158

«Бөбек» орталығында аз қамтылған отбасылардан шыққан 1000-нан астам бала тегін сауықтырылды

«Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру орталығында еліміздің барлық өңірі бойынша көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1000-нан астам бала тегін демалды.

msg-1309508988-6710

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бүгінге дейін «Бөбек» орталығы жеті сауықтыру ауысымын өткізді. Оған Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының балалары келіп, қатысты.

Балаларды сауықтырудың тиімділігі медициналық оңалту қағидаларына негізделген, бұл - емдеу-сауықтыру іс-шараларының жүргізілу реттілігі, кешенділігі, қозғалыс белсенділігі, оңалту мен сауықтыруда табиғи факторларды пайдалану, емдік-профилактикалық тамақтану, психологиялық қолдау шаралары. Әрбір балаға оның жасын, физикалық және психоэмоционалды жағдайын ескере отырып, жеке сауықтыру бағдарламасы жасалады.

22 күндік сауықтыру бағдарламасында медициналық тексеру және медициналық бақылау, фитотерапия, сауықтыру массажы, физиотерапия, шунгит терапиясы, тұз шахтасы, бейімделген дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру, психологпен сенсорлық бөлмедегі жаттығулар, алты рет тамақтану, спорттық іс-шаралар, Алматы қаласы бойынша экскурсиялар қамтылған.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале