22.04.2020, 16:11
Оқылды: 174

"Бүгінгі сынақ баршамызға санамызды сілкіп, жіберген қателіктерімізден сабақ алып, жарқын болашағымызды бағамдауға берілген уақыт"

Қазіргі таңда әлем елдері бастан кешіп жатқан қиындықтар баршаға аян. Оны күнделікті ақпарат ағынынан аңғарып та отырмыз. Осындай қиын-қыстау кезде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің өзі халқына арнайы үндеу тастап,  төтенше жағдай кезінде ел бірлігін сақтауға шақырып отыр. Ал бірлігі бекем ел қандай қиындықтарды да еңсере алатыны ақиқат.

86482522-6509-4E18-8069-750B233B1BC7

Шынында да, халқымызға қазіргі күні ең қажет нәрсе, ол - ішкі тәртіп. Өйткені мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға  азық-түлікпен де, қаржылай да көмек беріліп жатыр. Оларды жергілікті жерлерде арнайы комиссиялар бақылап та отыр. Жекелеген шаруа қожалықтары да өз көмек қолдарын созуда. Әзірше назардан тыс қалып жатқан ешкімді байқап отырғанымыз жоқ. Ақпарат құралдары да атқарылып жатқан жұмыстарды назардан тыс қалдырмауда.

Реті келгенде айта кетейін, біздің "Айқанат" қоры да қашықтан білім алып жатқан 134 батысқазақстандық оқушыға планшеттер алып берді. Қайырымдылық - қазақы қасиет. Әрі философтар айтқандай, "Бұл дүниеде бәрі өзгереді. Өмірде бәрі өтпелі, ал мызғымайтын қажеттілік  ол - Мәңгілік ел мұратына адал болу".

Олай болса, замана көшінен қалмай, өткенімізді зерделеп, ертеңімізге үлкен сеніммен қарайық. Менің ойымша, бүгінгі сынақ баршамызға санамызды сілкіп, жіберген қателіктерімізден сабақ алып, жарқын болашағымызды бағамдауға берілген уақыт. Ендеше, рухы асқақ, бірлігі бекем ел екенімізді тағы бір дәлелдеп шығайық, ағайын!

Гүлнар Әлжанова,

"Айқанат" білім беру қорының  БҚО бойынша координаторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале