20.06.2023, 14:45
Оқылды: 363

Дәрігерлер ер адамның бүйрегінен тарихтағы ең үлкен тасты алып тастады

Дәрігерлер ота арқылы отставкадағы сержант Канистус Кунгадан ең ұзын және ауыр тасты алды. Мұндай жағдай бұрын-соңды медицина тарихында болмаған. Ота тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енді.

0a444069-4266-4a4c-bbe9-4f05a8b0acfb

Фото: vestirama.ru

Бүйректе тас болса:

- бел аймағындағы өткір асимметриялық ауырсыну;
- зәр шығарудың;
- жүрек айнуы;
- құсу;
- шырышты қабықтың ықтимал зақымдалуына байланысты зәрдегі қанның қоспасы.

Бұл белгілер әдетте тастар зәр шығару жолдарының өткізгіштігіне кедергі келтіріп, бүйрек коликін қоздырғанда пайда болатынын есте ұстаған жөн. Көбінесе уролития жылдар бойы ешқандай белгілерді көрсетпейді.

Ең ауыр тасты алып тастау операциясы Коломбодағы әскери госпитальда жасалғаны хабарланды. Тастың ұзындығы – 13,372 см, салмағы – 801 г.

Бұған дейінгі рекордтар Үндістан мен Пәкістанда орнатылған. Сонымен бүйректегі ең ұзын тас соңғы рет 2004 жылы табылды, оның ұзындығы – 13 см. Ең ауыры 2008 жылы алынған, салмағы – 620 г.

Т. Раушанұлы,

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале